Қарағанды: «Hani Cakes & Coffeе» халал сертификатын алды
Қарағанды: «Hani Cakes & Coffeе» халал сертификатын алды
4 жыл бұрын 2441 muftyat.kz Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Қарағанды өңіріне кондитерлік өнімдерімен танымал «Hani Cakes & Coffee» мекемесі «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша халал сертификатын алды.

«Халал Даму» ЖШС Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдрахманов аталған кәсіпорында тексеріс жұмыстарын жүргізіп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспаларды зертханаға жіберді.

Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді.

Нәтижесінде «Шакабаев М.Р» ЖК кондитерлік өнімдерінің «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сай екендігі анықталып, халал сертификаты берілді.

 

0 пікір
Мұрағат