Мешіт жанынан жатақхана ашылды (фото)
Мешіт жанынан жатақхана ашылды (фото)
6 жыл бұрын 5915 muftyat.kz Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі – орталық «Иманғали» мешіті жанынан шәкірттерге арналған жатақхана жұмысын бастады. Жиырма бес орындық жатақхана жергілікті колледж, университетте білім алып жатқан шәкірттерге арналған.

«Жатақханаға сұраныс жоғары. Десе де, көп балалы, аз қамтылған отбасыдан шыққан жастарға басымдық беріледі. Шәкірттер үш мезгіл тағаммен қамтамасыз етіледі. Ол үшін арнайы аспаз жұмыс істейді. Жатақханада шәкірттер үшін оқу залы да қарастырылған. Яғни, жастардың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалған. Төлемақы құны да қолжетімді» дейді мүфтияттың Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров.

Атырау қаласының Балықшы кентінде орналасқан жатақхананың салтанатты ашылу рәсіміне облыс орталығына қарасты барлық мешіт имамдары, жамағат жиналып, ақ дастархан басында игі тілектерін арнады.

 

0 пікір
Мұрағат