Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
2 ай бұрын 448 halaldamu.kz
АҚТӨБЕ: «SAMAL CAKES» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Ақтөбе қаласындағы ірі кондитерлік кәсіпорындардың бірі – «Samal cakes» халал стандарты бойынша сертификатталды. Облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы жұма намазына жиналған жамағат алдында кәсіпорын өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Халал Даму» мамандары аталған кәсіпорын аумағында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, шикізаттары мен тағамдық қоспаларын зертханалық тексерістен өткізді. Аудит жұмыстарының оң нәтижесінен кейін, сертификаттау жөнінде шешім қабылданды. «QMDB Halal» сертификатын табыстай отырып, кәсіптеріңізге береке, еңбектеріңізге мол табыс тілейміз», – деді бас имам.

«Samal cakes» кондитерлік өнімдеріне берілген сертификат: 02.02.2024-01.02.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр, 12А/1.

«GOLDEN SWEETS» ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Жамбыл облысындағы «Golden sweets» кондитерлік өнімдері сертификатталды. Жергілікті жауапты маманымыз Аблайхан Кәріпбаев кәсіпорын аумағында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Кондитерлік кәсіпорын мұқият тексеріс пен бірқатар лабораториялық зерттеуді қажет ететін халал саласындағы күрделі бағыттардың бірі. Себебі, өнім әзірлеуде қосылатын түрлі дәмдеуіштер, әрлегіш құралдар, бояғыштар көп. Соған қарамастан, «Golden sweets» кондитерлік кәсіпорны «Халал Даму» жүргізген аудит қорытындысы бойынша оң нәтиже көрсетіп, «QMDB Halal» сертификатына ие болып отыр. Кәсіптеріңізге береке тілейміз, халал өнімді тұтынушылар көп болсын!», – деген өкіліміз кәсіпорын өкіліне ізгі тілегін білдіріп, екіжақты жұмыс мұнымен тоқтамайтынын жеткізді.

«Golden sweets» кәсіпорнына берілген халал сертификаты 02.02.2024-01.02.2025 жж мерзімі аралығында бір жылға жарамды.

«МЯСО-ЕТ» ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТТАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды қаласындағы «Мясо-ет» жартылай фабрикаттары сертификатталды. Сертификатты Қарағандының жергілікті өкілі Амангелді Асқаров табыстады.

Сертификаттау барысында аталған кәсіпорын аумағында тиісті бақылау-қадағалау шаралары орындалып, технолог мамандар бірнеше рет аудит жүргізді. Қолданыстағы өнімдер тиісті зертханалық сынақтан өткізіліп, кәсіпорын қызметкерлеріне оқу-семинар да ұйымдастырылды.

«Мясо-ет» кәсіпорнына берліген халал сертификаты 30.01.2024-29.01.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Қазбек би 118. 

КӘРІС АСХАНАСЫ «NANDUK» СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматыдағы «Nanduk» кәріс асханасы алғаш халал стандартына сай сертификатталды. ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы мен қаланың бас имамы Төлеби Оспан мешітке жиналған жамағат алдында кәсіпорын өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Кәріс асханасы – тағамдық қоспалары мен қолданыстағы шикізаттың сан алуан түрлерін қолданатын, мұқият тексерісті талап ететін – күрделі кәсіпорындардың бірі. Алайда, біздің мамандарымыздың жан-жақты тексерісі мен зертханалық сынамалардың оң нәтижесінен кейін сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды. Себебі, көпшілік жастардың сүйікті дәмханаларының біріне айналған «Nanduk» тамақтану орнының халал болуы маңызды деп есептеймін», – деген наиб мүфти кәсіпорын қызметіне береке, мол табыс тіледі.

«PLOFF» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Орал қаласындағы «Ploff» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Халалдың жергілікті өкілі Асхат Асылбеков дәмханада бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, сертификат табыстады.

«Сертификаттар алдын дәмхана аумағында бірнеше мәрте аудит шаралары орындалып, өндірісте қолданатын өнімдері түгелдей тексерілді. Санитарлық тазалықтың сақталуы, қызметкерлердің халал стандарты талаптарын орындауы да назарға алынды. Тексерістің оң нәтижесінен кейін, сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды. Сонымен қатар, қызметкерлерге шариғат талабы – халал жөнінде оқу-семинар өткізілді», – дейді өкіліміз.

«Ploff» дәмханасына берілген халал сертификаты 02.02.2024-01.02.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Орал қаласы, Құрылысшы шағын ауданы, 43б.

ШЫМКЕНТ: «BESBARMAQ» ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Шымкентте «Besbarmaq» ет дүкені «QMDB Halal» стандартына сай сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Сарыбаев Қазбек ет дүкенінің ашылу салтанатына қатысып, кәсіпорын иесіне халал сертификатын табыстады.

«Қазақ халқы қашан да астың адалдығына мән берген халық. Соның ішінде, еттің таза әрі халал болуы – тұтынушылар үшін аса маңызды. Қала тұрғындарына адал ет ұсынып, ел игілігіне қызмет етіп жүрген сіздерге Алла разы болғай!», – деген өкіліміз ет дүкені өкіліне алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

«Besbarmaq» ет дүкеніне берілген халал сертификаты 30.01.2024-29.01.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі, 60.

АЛМАТЫ Қ.: 5 КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматы қаласындағы «Doner Na Abaya» дәмханасы, «Lyn`s Collagen Plus» профилактикалық өнімдері, «Compass» тағамдық қоспалары мен шәй өнімдері, «Умный Ребенок & Smart kid» балалар тағамы халал стандартына сай сертификатталды. Кәсіпкерлерге жергілікті өкіліміз Ерлан Тайлақов «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Адалдықтың анық белгісі – «QMDB Halal» сертификаты сенім мен тазалықтың символы іспеттес. Күллі мұсылманның сенімі артылған халал сертификаттарыңыз құтты да, берекелі болсын! Кәсіптеріңіз өрлеп, істеріңіз дами бергей! Алдағы уақытта тұрақты аудит жұмыстарын орындап, бірлескен жұмыстарымызды жалғастырамыз деп сенемін!», – деді өкіліміз.

0 пікір
Мұрағат