Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
7 ай бұрын 481 halaldamu.kz
«JAN SUSHI» ФАСТ-ФУД ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Елордадағы халал кәсіпорындар тізімі «Jan Sushi» фаст-фуд өнімдерімен толықты. Аталған кәсіпорынға халал талаптарына сәйкестігін растайтын «QMDB Halal» сертификаты табысталды.

«Елордамызда фаст-фуд дәмханалары күн санап артып келеді. Бұл біздің тарапымыздан мұндай орындардың халал болуын қадағалауды талап етеді. Себебі, халал өнім – ең бірінші кезекте сапалы азық-түлік, тазалық, қызмет пен өндірістің шариғатқа сәйкестігі. Ал, бүгінгі «Jan Sushi» фаст-фуд дәмханасы, осы талаптардың барлығына сай. Мамандарымыз бірнеше кезеңнен тұратын аудит жұмыстарын жүргізіп, барлық өнімдері тексерілді. Алдағы уақытта да міндетті тексеріс шаралары жалғасын табатын болады. Адалдық таңбасын абыроймен адал қызмет атқарасыздар деп сенемін», – деген А.Асқарбекұлы діни басқармаға арнайы келген дәмхана өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Jan Sushi» фаст-фуд дәмханасына берілген «QMDB Halal» сертификаты 25.09.2023-24.09.2024ж мерзімі аралығында бір жылға жарамды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 58Б, корпус 3.

«SHAURMA FOOD» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Астана қаласындағы ең ірі тез тамақтану орындарының бірі «Shaurma Food» фаст-фуд өнімдері «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

«Shaurma Food» –түрік асханасы, шығыс тағамдары, балалар тағамы секілді түрлі ас мәзірін тиімді бағамен ұсынатын отбасылық тамақтану орны. Дәмхананың өндіріс аймағында аудит шаралары жүргізіліп, технолог мамандар барлық шикізаттары мен тағамдық қоспаларын тексерді. Қажетті қоспалары лабороториялық зерттеуден өткізілді. Барлық зерттеу және бақылау жұмыстарының оң нәтижиесінен кейін «Shaurma Food» дәмханасына сертификат рәсімделді.

«Shaurma Food» дәмханасына сертификат табыстаған Айбек Асқарбекұлы аталған кәсіпорын басшылығына халал индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі. Өз кезегінде, «Shaurma Food» кәсіпорны «Халал Даму» мамандары қызметін жоғары бағалап, «QMDB Halal» таңбасына лайықты жұмыс жасайтындарын жеткізді.

Астана қаласындағы барлық «Shaurma Food» дәмханасының нүктелері халал стандарты бойынша сертификаттаудан өткендігін хабарлаймыз!

«QUYRDAQ» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Астана қаласындағы «Quyrdaq» отбасылық дәмханасы «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

«Quyrdaq» дәмханасын сертификаттау барысында шикізат өнімдерінің сатып алыну процессінен бастап, ас мәзірінің дайындалуына дейінгі барлық кезеңінің халал стандартқа сай болуы қадағаланды. Өнім дайындау барысында қолданылатын қоспалары, шикізаттары түгелдей тексерілді. Дәмхана басшылығы мен қызметкерлеріне халал стандартының маңызы мен мақсаты, шариғи талаптары және бекітілген ережелердің сақталуы жөнінде семинар да өткізілді. Елордамызда бала-шағамен демалып, тамақтанатын отбасылық халал дәмханалар саны тапшы. Сондықтан, отбасылық «Quyrdaq» дәмханасының сертификатталуы әсіресе, балалы жанұяларға үлкен қуаныш деп есептеймін», – деді А.Асқарбекұлы.

«Quyrdaq» дәмханасына берілген «QMDB Halal» сертификаты 25.09.2023-24.09.2024ж мерзімі аралығында бір жылға жарамды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Түркістан көшесі, 10.

«TABANAN» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматы қаласындағы «Tabanan» дәмханасы халал стандарты бойынша сертификатталды.

«Халал Дамудың» білікті мамандары жүргізген шариғат және халал талаптарына сәйкестендіру шараларының оң қорытындысынан кейін сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан табыстады.

«Tabanan» дәмханасына берілген №000144 «QMDB HALAL» сертификаты 12.09.2023-11.09.2024 мерзімі аралығында бір жылға жарамды. Дәмхананың мекен-жайы: АЛматы қаласы, Е.Рахмадиева көшесі, 14, корпус 13.

0 пікір
Мұрағат