Ғаламдағы материяның үлесі белгілі болды
Ғаламдағы материяның үлесі белгілі болды
8 ай бұрын 838 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: NASA / European Space Agency / Wikimedia

Халықаралық ғалымдар тобы жалпы материя мен энергия тығыздығының үштен бір бөлігін құрайтын бариондық және қараңғы материяны ескере отырып, ғаламдағы материяның тығыздығын өлшеді. Бұл жайында islam.kz порталы The Astrophysical Journal мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Барлық материяның шамамен 20 пайызы ғана қарапайым немесе бариондық материядан тұрады, оған жұлдыздар мен ғарыш тұмандары кіреді. 80 пайызы - қараңғы материя, оның табиғаты әлі белгісіз, десе де ол әлі ашылмаған субатомдық бөлшектерден тұруы мүмкін. Дегенмен, бариондық және қараңғы материя ғаламның жалпы энергия тығыздығының аз ғана бөлігін құрайтынын айта кету керек, ал қалғаны - қараңғы энергия. Бұл тараптағы мақалада зерттеушілер галактика кластерлерінің бақыланған (байқалған) санын және олардың көлем бірлігіне шаққандағы массасын (салмағын) моделдік болжамдармен салыстырып көрді. Массаны анықтау үшін массасы үлкен шоғырларда массасы азға қарағанда көп галактикалар болатынына байланысты жанама көрсеткіш қолданылды.

(ықшамдалып алындыред.)

0 пікір
Мұрағат