Бір ғасырлық тарихы бар мешіт ашылды
Бір ғасырлық тарихы бар мешіт ашылды
10 жыл бұрын 3551

Ақтөбе қаласында іргетасы 1903 жылы қаланған орталық мешіттің есігі маусым айының 21-і күні  жамағатқа айқара ашылды. Осыдан екі жыл бұрын облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың пәрменімен күрделі жөндеуден өткен көне мешітте бір мезгілде 200-ден аса адам құлшылық ете алады. Мешіт үш қабаттан тұрады, ерлер мен әйелдерге арналған ғибадат залдарынан бөлек әкімшілік бөлмесі мен асхана бар. Бір ғасырлық тарихы бар осынау мешітті жөндеуге қажетті қаражатты жекелеген азаматтар мен кәсіпкерлер тауып берді. Жиналған қаражының жалпы мөлшері 700 млн теңгені құраған. Мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, еліміздің бас мүфтиі Ержан Маямеров, қала әкімі Ержан Омаров қатысты. Осынау салтанатты шарада сөз сөйлеген Ержан қажы Малғажыұлы халықты берек-бірлікке шақырып, ақжол тіледі. 

0 пікір
Мұрағат