Қазақтың тіс дәрігері қанқұртты пломбасыз емдеу әдісін ойлап тапты
Қазақтың тіс дәрігері қанқұртты пломбасыз емдеу әдісін ойлап тапты
8 жыл бұрын 16004

Қазақстандық генетик бір реттік ем-шараның арқасында қанқұртты бастапқы кезеңінде тоқтатып, тіс эмалін табиғи жолмен қалпына келтіру әдісін ойлап тапты. Бұл туралы жоба авторы Бауыржан Айтуов айтып берді, деп хабарлайды Вaq.kz. 

«Қанқұртты емдеудің дәстүрлі әдістерін өздеріңіз көріп жүрсіздер, міндетті түрде тісті бұрғылайды немесе акрилді материалдармен желімдеп тастайды, өйткені, тісжегі зақымдаған эмаль мен дентин (тіс құралған сүйек зат) қалпына келмейді, – дейді «Болашақ» бағдарламасы бойынша Йорк Университетін тәмамдаған Бауыржан Айтуов. – Әрі кетсе қанқұртты тоқтатады, бірақ, емдей алмайды. Алайда, осы технологияның арқасында стоматологтар науқастарға эмалді табиғи жолмен қалпына келтіру процедурасын ұсына алады, басқаша айтқанда, жаңа эмалді «имплантациялауға» мүмкіндік береді».

Informburo.kz порталының мәліметінше, өнім Ұлыбританияда әзірленіп, клиникалық сынақтан өткізілді. Қазақстандық клиникалар бірегей жобаны сынап көрді, қазірдің өзінде стоматологтар мен пациенттер оң бағасын беріп жатыр. Инновация Швейцарияда патенттелді.

1 пікір
Мұрағат