Қазақстанның вокзалдарында жолаушылар мен жүктер тексерілетін болды
Қазақстанның вокзалдарында жолаушылар мен жүктер тексерілетін болды
7 жыл бұрын 3569

Қазақстанның 16 теміржол вокзалында жолаушылар, қол жүктер мен багаждар тексерілетін болады. Бұл жайында "Sputnik" ақпарат көзі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, хабар таратт. 

Тексеру процедурасы жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру және антитеррористік қорғалуды қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың 1 ақпанынан бастап іске асады.

«Тексеру процедурасы еліміздің вокзалдарында кезең-кезеңмен енгізіледі: 1 ақпаннан бастап Алматы-1 мен Алматы-2, 1 сәуірден бастап – Астана вокзалында, ал 1 маусымнан бастап қалған 13 теміржол вокзалында ұйымдастырылады. Осыған байланысты 56 арнайы тексеру жабдық кешені сатып алынды», - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдік желі дирекциясының вокзал шаруашылығы департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев.

Ж.Көрпебаевтың айтуынша, тексерістен өтіп, пойызға кешігіп қалмас үшін жолаушылар вокзалға ертерек келгені жөн.

0 пікір
Мұрағат