Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 30%-ға қысқарды
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 30%-ға қысқарды
8 жыл бұрын 3099 7kun.kz

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2016 жылдың қаңтар-шілде айларында 33,07 млрд долларды құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 46,95 млрд доллар деңгейінде еді. Ал ЕАЭО елдерімен сауда байланысы 31,4%-ға немесе 6,87 млрд долларға дейін төмендеген. 

Соңғы уақытта мұнай бағасының қалыпқа келгеніне қарамастан, сыртқы сауда көрсеткіштері халықаралық шикізат бағасының құбылуы, мұнай өндірісінің төмендеуі, Ресейдегі экономикалық дағдарыс және Қытай мен Еуроодақ экономикасының баяулауына және валюта курстарының құбылуына байланысты төмендеп жатыр.

Солтүстік Каспий жобасының іске қосылуына және Ресейдегі экономиканың жақсаруына байланысты Қазақстанның сыртқы сауда экономикасы да қалпына келуі мүмкін.

2016 жылдың қаңтар-шілдесінде қазақстандық экспорт 30%-ға немесе 19,95 млрд долларға дейін төмендеді. Салыстыру үшін, 2015 жылдың өткен маусымында бұл көрсеткіш 28,5 млрд доллардан асты. Қазақстанның негізгі экспорт нарығы: Еуроодақ (47,8%), Қытай (12,2%), Швейцария (10,5%) және Ресей(9,5%). ЕАЭО-дағы қазақстандық экспорт үлесі — 10,5%.

Соңғы мәлімет бойынша, импорт көлемі 28,8% немесе 13,12 млрд долларға дейін қысқарған. Бұл көрсеткіштің төмендеуіне Қазақстандағы ішкі сұраныстың және экономикалық белсенділіктің баяулауы ықпал еткен. Импорт тауарлары негізінен Ресейден (34,8%), ЕО-дан (24,4%), Қытай (14,2%) және АҚШ-тан (4,9%) келген. ЕАЭО импортындағы Қазақстанның үлесі — 36,3%. 

0 пікір
Мұрағат