Қазақстандықтардың маусым айында қанша күн демалатыны белгілі болды
Қазақстандықтардың маусым айында қанша күн демалатыны белгілі болды
4 жыл бұрын 1843

Маусымда мереке күндері болмағандықтан, қазақстандықтар әдеттегі демалыс күндері ғана жұмысқа бармайды. Бұл жайында bugin.kz ақпарат көзі хабарлады. 

Маусым айындағы 30 күн бес аптаға ұзарады. Оның төртеуіне демалыс күндері түседі. Сонда демалыс сегіз күн - 6, 7, 13, 14, 20, 21, 27 және 28 маусым күндері болады.

Еске салайық, маусымда қазақстандықтар тойлайтын бірнеше мереке бар. Алайда қазақстандықтар ол күні демалмайды. Олардың арасында кәсіби мерекелер де бар. Мыналар:

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні;

4 маусым - Мемлекеттік символдар күні;

5 маусым - Экологтар күні;

23 маусым - Полиция күні және Мемлекеттік қызметшілер күні;

28 маусым - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні;

Маусымның екінші жексенбісі - Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні;

Маусымның үшінші жексенбісі - Медицина қызметкерлерінің күні.

0 пікір
Мұрағат