Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?
Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?
6 жыл бұрын 4249

Сәуірде қазақстандықтар 9 күн демалып, 21 күн жұмыс істейді. Ал мамыр айында ел халқы 20 күн еңбектеніп, мереке күндеріне байланысты 11 күн демалады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

Сәуірдің соңында қазақстандықтар бір сенбіні (28 сәуір) жұмысқа арнайды, ал оның орнына дүйсенбі күні – 30 сәуірде демалады. Сәуірдің соңы мен мамырдың басы 3 күн қатарынан демалыс, бұл ретте 29 сәуірден бастап, 1 мамыр қоса есептеліп отыр.

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде де осылай болады. Сенбіге келген 5 мамырда адамдар жұмысқа шығып, есесіне 4 күн қатарынан демалады. Яғни, 6 мамырдан бастап 9 мамырды қоса есептегенде демалыс күндері болып есептеледі.

0 пікір
Мұрағат