Қазақстандықтар жинақталған зейнетақы қаражатын кімге сеніп тапсыруды өздері шешетін болады
Қазақстандықтар жинақталған зейнетақы қаражатын кімге сеніп тапсыруды өздері шешетін болады
6 жыл бұрын 2496

Ұлттық банк дайындаған концепция бойынша БЖЗҚ сол қалпында зейнетақы шоттарының администраторы мен  бірыңғай есеп орталығы болып қала бермек. Бұл жайында 7kun.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

«Салымшының таңдау мүмкіндігі болу керек. Біз ақшаны жақсы басқара аламыз, әрі оны мақтан тұтамыз. Бірақ, бұл нарықта бәсекеге орын болу керек. Салымшы компания мен инвестициялық стратегияны өзі таңдаса дұрыс болады», – деді Ұлттық Банктің басшысы.

Ұлттық банк БЖЗҚ  валюталық портфелінің  бөліну стратегиясын өзгертті. Енді салымшылардың ақшалары түрлі қорларға инвестициялануы мүмкін.

Данияр Акишев зейнетақы активінің бір бөлігі  дамушы нарықтың «Глобалды облигациялары» мандаты бойынша Aviva Investors-тың сырқы басқаруына берілгендігін еске салды.Ал басқа мандаттар бойынша зейнетақы активтері әлі де аударылып жатыр немесе сыртқы бақарушыларға арналып тендерге қойылды.

2018 жылы сәуір айында БЖЗҚ-ның  портфелінде сыртқы басқаруға активтер шықты. Оның ең алғашқы басшысы британиялық  Aviva Investors Global Services Limited компаниясы, ол компанияға 220 млн доллар аударылған.

БЖЗҚ-да 2040 жылы қазақстандықтардың зейнетақысы қалай есептелетінін айтты

Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры Қазақстанда базалық зейнетақыны алып тастайды, мемлекет жауапкершіліктен алынады деген ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Фондтың баспасөз қызметінің мәліметінше, БЖЗҚ басшысы Нұрбүбі Наурызбаева қазіргі уақытта зейнетақының мемлекеттік бюджет пен жеке зейнетақы жинағынан құралғанын айтты.

Сондай-ақ, «ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңына сәйкес, ынтымақты зейнетақыны 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 6 айлық еңбек өтілі бар адамдар алады.

2040 жылы зейнетке шығатын азаматтар 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі жоқ болса, базалық зейнетақы ала алады. Ол мемлекет бюджеті мен қордағы жеке зейнетақы жинағынан құралады.

Қор басшысы азаматтардың өзіндік зейнетақы капиталын құруға кеңес берді. Базалық зейнетақының жойылатыны туралы айтылған жоқ. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақы мөлшері еңбек өтілі мен зейнетақы жинақ қорына қанша уақыттан бері қатысатынына байланысты екені атап өтілді.

Сонымен қатар, мемлекет БЖЗҚ-на салынған зейнетақы қорының сақталуына жауап береді.

«БАҚ-та жазылғандай, БЖЗҚ-ның базалық зейнетақының алып тастайтыны туралы және мемлекеттің зейнетақы сыйақысы үшін өзінен жауапкершілікті алатыны туралы ақпарат жалған екені хабарланды», – деді БЖЗҚ-да.

0 пікір
Мұрағат