Қазақстандықтар ғаламдық тегін интернетке қол жеткізеді ме?
Қазақстандықтар ғаламдық тегін интернетке қол жеткізеді ме?
6 жыл бұрын 4815 7kun.kz musicadeldescontento.com

Қазақстанның ұялы байланыс операторлары ғаламды тегін интернетпен қамтамасыз ету жолындағы SpaceX басшысы Илона Масктың мүмкіндігін бағалады. Олар америкалық бизнесменнің әрекеті олардың қызметіне қалай әсер ететіні туралы әңгімеледі, деп жазды LS.

Beeline сарапшыларының айтуынша, орта мерзімді перспективада Масктың жобасының қазақстандық нарыққа әсері болмайды. Оператордың пікірі бойынша, барлық спутниктерді іске қосу, жүйені тексеру және жөндеу үшін көп уақыт кетеді.

«Мұндай интернет желісіне ешқандай стандарттар, сондай-ақ оған қол жеткізу жолдары жоқ. Әдеттегі смартфондар базалық станциялардан тұрақты сигнал алуға бейімделген. Мысалы, жер үсті көздерінен сигнал қабылдау тек батареялардың жұмысы болып есептеледі. Сондай-ақ, мұндай нюанстар көп. Бұл ұшатын машинаның пайда болуымен авиация тағдыры туралы пікірталас сияқты. Прототиптер пайда болды, бірақ ұшақтар көп ұзамай қажетсіз болады деп жатқан ешкім жоқ», – дейді Beeline-дағылар.

Сондай-ақ, оператордың талдаушылары интернетке қол жеткізудің негізгі міндеті – контентті тұтыну үшін жеткілікті жылдамдықта сигнал тұрақтылығын құру. Сондықтан үзіліссіз байланыс үшін қажетті жылдамдықты қамтамасыз ететін ұялы байланыс компаниялары қажет болады.

«Біз ғаламдық интернет туралы айту әлі ерте екенін білеміз. Тегін интернет енгізу деген тұжырымдаманың өзі де қате. Кез-келген жағдайда, кем дегенде деректерді пайдалану үшін төлеуге тура келеді. Яғни, өзің туралы ақпараттармен, не болмаса желідегі әрекеттерің арқылы төлейтін боласың», – деп атап өтті әңгімелесушілер.

Компания Қазақстандағы ғаламдық wi-fi-дың жұмысы стандарттарды және сапаны қалай және кім басқаратынына байланысты екенін айтты. Агенттіктің хабарлауынша, елде мұндай қызметтерді ұсыну үшін лицензия қажет. Себебі Қазақстанда жұмыс істейтін барлық компаниялар өз қызметіне салық төлейді және бұл бүкіл әлемге қатысты.

Tele2 және Altel компаниялары да америкалық бизнесменнің бастамасына күмәнмен қарады.

«Жоба 2015 жылы алғаш рет ұсынылғанда арзан және жоғары сапалы спутниктік интернет арнасын құру туралы мәселе қозғалды. Сол кезде SpaceX және мобильді операторлар трафикті монетизациялау мәселесіне тап болды. Орбитаға 12 мың спутникті шығару үшін үлкен инвестиция қажет», – деп атап өтті Tele2 және Altel.

Дегенмен, компания егер Маск немесе кез келген басқа компания тегін интернет қызметін бере алатын болса, онда ұялы байланыс операторлары үлкен шығынға ұшырайтынын атап өтті.

0 пікір
Мұрағат