Қазақстандықтар Астана күні мерекесіне орай қай күндері демалады
Қазақстандықтар Астана күні мерекесіне орай қай күндері демалады
6 жыл бұрын 7935

Санаулы күннен кейін шыжыған шілде айы да келеді. Яғни, Қазақстан халқы жақында Астана күнін атап өтетін болады. Осы мерекеге орай кейбір қазақстандықтарға үш күн, тағы басқаларына 2 күн демалыс беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңның 3-бабына сәйкес, Астана күні – 6 шілде – мемлекеттік мереке.

ҚР мерекелер туралы заңының 5 бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады.

2018 жылы 6 шілде жұма күніне түсіп тұр. Яғни, қасиетті жұма жұмыс күні болып табылатындар үшін 6-шы, 7-ші және 8-ші шілде демалыс күндері болады.

Бірақ, аптасына 6 күн (сенбі күні) жұмыс істейтіндердің жолы болмады. Олар бір күн демалып, келесі күні жұмыс істейді. Яғни, аптасына алты күн істейтіндер 6-ны және 8-ші шілдеде демалатын болса, 7-ші шілдеде жұмыс істеулеріне тура келеді.

0 пікір
Мұрағат