Қазақстандықтар 43 елге визасыз саяхаттай алады
Қазақстандықтар 43 елге визасыз саяхаттай алады
2 ай бұрын 350 zakon.kz Айгерим Тарина

Биыл қазақстандықтар әлемнің 43 еліне визасыз саяхаттай алады. Оның ішінде шенген аймағынан тыс Еуропа және Азия елдері бар.

Беларусь, Доминикан Республикасы, Қырғызстан, Палестина, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты елдерге көк төлқұжатпен-ақ баруға болады.

90 күнге саяхаттауға болатын кейбір елдерге алдын ала тіркеуден өту керек, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал сапарыңызды Оңтүстік Корея мен Шри-Ланкаға жоспарласаңыз, саяхатқа рұқсатты электронды түрде алу керек.

Мұнда 1 айға дейін тұрақтауға болады.

Өзге де визасыз баруға болатын елдердің тізімі экрандағыдай. Сондай-ақ, мамандар саяхатқа шығуды жоспарласаңыз, тізімдегі елдердегі саяси жағдайды анықтап алуға кеңес береді.

Айгерим Тарина

zakonkz logo

0 пікір
Мұрағат