Қазақстандағы кедейлік шегі белгіленді
Қазақстандағы кедейлік шегі белгіленді
8 жыл бұрын 4193 7kun.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2016 жылғы 4-тоқсанға арналған кедейлік шегін бекітті. Бұл туралы egov.kz порталында хабарланды.

Оған сәйкес, өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде айқындалады. Осы жылдың қыркүйегінде ҚР-да күнкөріс минимумы  23 мың теңгені құрағанын ескерсек, кедейлік шегінде айына 9 200 теңгеден аз табатын азаматтар өмір сүреді.

Айта кетейік, статистика комитетінің дерегі бойынша, Қазақстан Республикасындағы табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2016 жылдың 2 тоқсанында 2,6% құраған. 

0 пікір
Мұрағат