Астанада пәтерді жалға берушілер Алматыға қарағанда қанша есе көп?
Астанада пәтерді жалға берушілер Алматыға қарағанда қанша есе көп?
7 жыл бұрын 3043 7kun.kz

Сарапшылар алғашқы және қайталама нарықтағы пәтерлердің сатылуы туралы 25 мың ұсынысты талдап, Астана мен Алматы нарығындағы өзгешеліктерді анықтады.

Homsters.kz сервисінде жарияланған ұсыныстардың 50 пайыздан астамы екі қалада – Астана мен Алматыда шоғырланған. Бұған қоса, бұл екі қала да жаңа үйлер нарығындағы ұсыныстардың саны жөнінен абсолют көшбасшы болып тұр. Сайтта жарияланған еліміздегі 380 тұрғын үй кешенінің 225-і Астанада, оңтүстік астанаға 130 нысан тиесілі.

Алматыда сатуға қойылған пәтерлердің 34%-ға жуығы ғана жаңа үйлерден. Хабарландырулардың көбі 70-80 жылдарда тұрғызылған үйлердегі апартаменттер туралы. Оңтүстік астанадағы тұрғын үйлердің қайталама нарығына барлығы 8876 нысан шығарылған, оның 2800-і – жеке үй, қалғаны – пәтерлер.

Ал Астанада, керісінше, барлық ұсыныстың жартысынан астамы (49%) 2010-2016 жылдары пайдалануға берілген нысандарға қатысты. Қайталама нарық сатып алушыларға 7029 нысанды ұсынады, оның 562-і ғана – жеке үй.

Тұрғын үй нарығының даму тарихында шағын ауданды, соның ішінде ауданы 40 шаршы метрге дейінгі пәтерлерге қатысты ұсыныстардың бірқатар ерекшелігі бар. Ал Астанада, мұндай ұсыныстардың көбі 150 шаршы метрге дейінгі үлкен ауданды нысандар туралы.

Алматы мен Астанада бір шаршы метрдің орташа құны арасында айырмашылық бар, оңтүстік астанада баға шамамен 5%-ға арзан. Солай бола тұра, бұл екі мегаполисте де тұрғын үйдің шаршы метрінің құны республикамыздың өзге өңірлеріне қарағанда айтарлықтай жоғары – бұл қалаларда баспана бағасы тіпті еліміздің ең ірі бес қаласының арасында да екі еседен жоғарылайды.

Алматыда пәтерді жалға алу Астанаға қарағанда екі еседей арзан. Дегенмен Алматыда жалға алу құны тұтынушы таңдаған ауданға қарай өзгеретін болса, елордада баға нысан орналасқан жерге онша тәуелді емес.

Астанада баспананы жалға беру туралы ұсыныстар Алматы нарығына қарағанда үш есе көп. Сол себепті болар, оңтүстік астанада жалға берілетін пәтерлерді табу оңай емес. Есесіне Астанада бөлмелерді жалға беру туралы ұсыныстар көп. Себебі, сатып алушылар тарапынан сұраныс азайған қымбат үйлер сатуға қойылған баспаналардан жалға берілетіндердің санатына ауысты. Алайда бұл екі қалада жалға алу құны әртүрлі, тұрғын үй қорының көп жылды еңсергенінен және жалға берілетін нысандар ауданының шағындығынан болар, Алматыда баға төмен деңгейде.

0 пікір
Мұрағат