Қазақстандағы жұмыссыздар саны нақты қанша адамды құрайды?
Қазақстандағы жұмыссыздар саны нақты қанша адамды құрайды?
7 жыл бұрын 3938 7kun.kz

Республика экономикасында 2016 жылғы қазанда, бағалау бойынша 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны аталған кезеңде 6,4 млн адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 74,1%) құрады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

2016 жылғы III тоқсан2) деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 83,8%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 16,2% құрады.

2016 жылғы қазанда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 444,8 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2016 жылғы қазан айының соңына 74,5 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің саны 0,8 пайызын құрады.

k11-11-2016-3

Бағалау қорытындысы бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі 2016 жылғы III тоқсанда жұмыс күшінің саны 0,3%-ын (28,1 мың адам) құрады.

0 пікір
Мұрағат