Қазақстанда құрылысшылар мен даяшыларға сұраныс жоғары
Қазақстанда құрылысшылар мен даяшыларға сұраныс жоғары
8 жыл бұрын 3314 7kun.kz

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің ақпаратына сәйкес 2016 жылдың тамыз айында Қазақстандағы жұмыссыздар саны 5%-ды құрады. Ал жұмысты іздеуге және ұсынуға арналаған арнайы сайттарда 1,5 миллионнан аса жұмыс іздеушілер тіркелген. Алайда, бұл олардың барлығы  жұмыссыз отыр дегенді білдірмейді. Бірі қосымша ақша тапқысы келсе, бірі жұмыс орнын ауыстырғысы келеді немесе мүлде басқа кәсіпті   таңдауды жөн көреді. 

Хабарламалардың онлайн қызметін ұсынатын OLX сайтының (шамамен 448,5 мың жұмыс іздеуші тіркелген) сарапшыларының сөзінше, қазақстандықтардың көпшілігі жұмысты Алматыдан немесе Астанадан іздейді екен.

Ал жұмыстың түр-түрін әдеттегідей, Алматы (10206 хабарлама), Ақмола (9264 хабарлама) және Қарағанды облыстары (3960) ұсынады.

Резюмелер мен сұраныстардың көпшілігі «Бар/ресторандар» (қыркүйек айындағы ұсыныстардың 23%-ын құрайды ), «Құрылыс» (16%) және «Туризм, демалыс, ойын-сауық» (12%) айдарларынада орналасқан. 

Қазіргі уақытта ең жоғарғы жалақы төленентін жұмыс орындары жылжымайтын мүлік, заң және бухгалтерия, транспорт және логистика салаларына тиесілі. OLX-тың мәліметі бойынша аталған салалардағы жоғарғы жалақы 89 мың теңгеден асады.

Сату жөніндегі мамандарға, барлар мен кафелерде жұмыс істегісі келетіндерге және құрылысшыларға сұраныс көп.

Орташа жалақы Қарағандыда күзет қызметкерлері үшін 70 000 теңге, ал жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істейтін мамандарға шамамен 100 000 теңгені құрайды. Сондай-ақ, салық және заң саласында жұмыс іздеп жүргендерге аз еңбекақы төленбейді. Мысалы, Астана қаласында бухгалтердің көмекшісіне 145 мың теңге беріледі. Ал автокран жүргізуші мамандарға 200 мың теңге айлық жалақы ұсынады.

14550709_384568025264387_556731730_oИнтернетте жиі ізделетін жұмыстар

Тұлғалардың көпшілігі интернеттен жүргізуші, сатушы, бухгалтер және әкімші қызметін жиі іздейді. Сұранысқа сәйкес ұсыныстар да баршылық. Мысалы, Астана қаласында сұлулық салонына әкімші қажет және оған 80 000 теңге келісілген жалақы төленеді. Ал Атырау облысында жүк көлігінің жүргізушілері қажет. Жалақысы — 100 000 теңге. Қазақстан бойынша «Яндекс.Такси» жүргізушілеріне 300 000 теңге жалақы төленуі мүмкін.  Сондай-ақ, кафе, барлардың даяшы мен қызметшілерге сұранысы жоғары. 

Қазақстандықтар интернет арқылы карьераны дамыту немесе қызметін ауыстыру бойынша жұмыстар іздейді. Қызметті жаңадан бастағысы келетіндерге сату саласында бос орындар жиі ұсынылады. Мысалы, жиһаз дүкеніндегі кеңесшіге Атырау қаласында 55 000 теңге, Қарағанды қаласында 30 000 теңге жалақы ұсынылады. Бұдан бөлек өзінің кәсібилігін дамытқысы келетін мамандар да қажетті жұмысты таба алады. Әдеттегідей, жұмыс тәжірибесі аз болған күннің өзінде 60 000-145 000 теңгеге жұмыс істегісі келетін бухгалтерлерге де сұраныс жеткілікті. Ал шет тілінің мұғалімдеріне мекемелер 130 000—230 000 теңге жалақы беруге дайын. 

0 пікір
Мұрағат