Пластикалық ластанумен күрес қалай жүргізіліп жатыр? – БҰҰ баяндамасы
Пластикалық ластанумен күрес қалай жүргізіліп жатыр? – БҰҰ баяндамасы
6 жыл бұрын 5279 Алтынай Қуанышбек

БҰҰ жариялаған баяндамада бүгінгі таңда табиғатты пластиктердің ластануынан қорғау бойынша бірқатар шаралар атқарылып жатқаны айтылған. Оның ішінде кейбір мемлекеттер бір реттік пакеттерге тыйым салса, Қытай өздігінен жойылатын биопакеттерге басымдық беріп жатқаны байқалады. Дегенмен, пластиктердің өзен мен мұхиттарға кетіп жатқан шексіз ағынын азайту үшін әлі көп жұмыс істеу керек, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап. 

Расымен, кейбір мемлекеттер пластик қалдықтарды жоюға байланысты жақсы саясатты ұстанып отырған. Дегенмен, саясат кейде дұрыс жүзеге асырылмай, алға қойған мақсатқа жетіп жатқандары да көп емес.

Пластик қалдықтарға қарсы күрес бүкіл әлем бойынша жүргізіліп жатыр. Ұлыбритания бұл проблемамен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихат жүргізу арқылы күресіп келеді. Бірақ, көптеген дамыған мемлекеттердің өзінде полиэтилен пакеттері экологиялық проблемалар туғызып жатқанын жоққа шығара алмаймыз.

БҰҰ ұсынған баядамада пластик қалдықтарымен күрестің жақсы нәтиже бермейтіні айтылған. Дегенмен, белгілі бір шараларды қолға алып, осы күреске елеулі үлес қосып жүрген мемлекеттер де баршылық. Мысалы, Камерун Республикасында пластик пакеттерге тыйым салынған. Шаруашылықтар пластик қалдықтардың әрбір килограмы үшін ақша төлейді. Бірақ, соған қарамастан, контрабандалық полиэтилен пакеттері баршылық.

Кейбір мемлекеттерде пластмас туралы ережелер бекітілген. Бірақ, олар да орындалып жатқан жоқ. Ал экологтар биологиялық пакеттер мен өздігінен жойылатын пластиктер туралы айту әлі ерте дейді. Себебі, жақында автокөліктерге арналған пальма майын өсіру үшін тропикалық ормандардың бұзылғаны дау тудырған болатын.

БҰҰ-ның қоршаған орта бөлімінің басшысы Эрик Солхаймның айтуынша, пластик – проблема емес. «Пластикпен күрес адам үшін де, планета үшін де керек әрі ол миллиондаған шығынның алдын ала алады», дейді ол.

Баяндамада айтылғандай, пластик қалдықтарымен тиімді күрес түрі – оларды бір жерден жинап алу. Сондай-ақ, баяндама авторлары бизнеспен байланыс болу керектігін алға тартады. Себебі, пластмасс өндірушілер жауапкершілік алып, қайта өңдеу мәселесіне назар аударуы керек. Ал бүгінге дейін кейбір мемлекеттерде атқарылып жатқан ұлттық деңгейдегі күрес шараларына тоқталсақ, Қытай 2008 жылға дейін 3 млрд тонна полиэтилен пакеттерін қолданған. Қазір мемлекет бұл өнімдерге тыйым салғаннан кейін супермаркеттерде полиэтилен пакеттерді қолдану 60-80 пайызға төмендеген, бірақ базарларда әлі де қолданылып келеді.

Вьетнамда халық полиэтилен пакеттерге салық төлеуге міндеттелген. Бірақ, ол еш нәтиже бермеген соң, мемлекет салықты 5 есеге көбейтуді көздеп отыр. Ал Ирландия билігі салған жоғары салық полиэтилен пакеттерін тұтынуды 90 пайызға дейін қысқартуға алып келді. Кенияда толығымен тыйым салынған. Полиэтилен пакеттерін ұстайтындарға айыппұл салынады немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мароккода да тыйым салынған.

0 пікір
Мұрағат