Қазақстанда «жасыл экономиканың» үлесі — 1 пайыз
Қазақстанда «жасыл экономиканың» үлесі — 1 пайыз
7 жыл бұрын 2932 7kun.kz Аян Қалмұрат

Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу қарқыны артты. 2016 жылы қайта қалпына келетін энергия көздері 2015 жылмен салыстырғанда 32 пайызға көп электр қуатын өндірген. Алайда, жалпы есепте олардың үлесі 1 пайызды ғана құрайды. Бұл туралы finprom.kz сараптама агенттігі хабарлады.

2016 жылы энергияның қалпына келетін көздерінен (ЭҚКК) өндірілген электр қуатының көлемі 32 пайызға артып, 928 млн кВтч-қа өскен. Орналастырылған ЭҚКК-ның қуаты 18 пайызға артып, 296 МВт-қа көбейген. Ең үлкен өсім көрсеткен жел электр станциялары болды: олардың өндірісі 2 есе артқан.       

Қазақстан энергия көздерінің 1 пайызын ғана қалпына келетін энергия көздерінен алады. 2015 жылы бұл көрсеткіш 0,77 пайыз еді. Қалған энергияның 99 пайызы дәстүрлі энергия көздері есебінен жиналады. Олардың ішінде 79 пайызы — отын электростанциясы, 12 пайызы — гидроэлектрстансасынан, 8 пайызы газ тұрбаларынан алынады. 

Жасыл экономикаға көшу үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы қарастырылған. Республикалық бюджетен қалпына келетін энергия көздерін дамытуға өткен жылы 299 млн теңге бөлінген. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 51 пайызға көп.   

0 пікір
Мұрағат