Қазақстан зергерлік бұйымдарды қайдан әкеледі? (инфографика)
Қазақстан зергерлік бұйымдарды қайдан әкеледі? (инфографика)
8 жыл бұрын 7301 7kun.kz

Қазақстанға зергерлік бұйымдар тасымалдау азайды. 2016 жылдың бірінші жартысында елге 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда қымбат бағалы металдардан жасалған тауарлар 25 пайызға аз әкелінген.

Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, өткен жылы кіргізілген тауарлар құны 3,5 млн долларды құраса, бұл жылы 2,8 млн долларға дейін (0,2 тонна) түскен. Қымбат бағалы тауардың ең көбі Италия (1,1 млн доллар) мен АҚШ-тан (628,7 мың доллар) әкелінген.

Сондай-ақ, жауһарлардың біраз бөлігі Таиланд (263,1 мың доллар), Швейцария (256,6 мың доллар) және Франциядан (136 мың доллар) импортталды. Одан бөлек, Үндістан Қазақстанға 132,4 мың долларға зергерлік бұйымдар сатса, Түркия – 58,8 мың, Ұлыбритания 37,4 мың долларға тауар сатқан.

Біз алтын-күміс сатып алған елдердің ішінде Өзбекстан (37,5 мың доллар), Испания (27,6 мың доллар), Қытай (13,7 мың доллар) да бар. Өз кезегінде Қазақстан осы жылдың [2016] бірінші жартысында алтын мен күмістен жасалған жалпы соммасы 20,2 млн доллар құрайтын тауар сатқан. Бір тоннаға жетпейтін тауардың барлығы Швейцарияға ғана жіберілген.

%d1%83%d0%ba%d1%80%d0%b0%d1%88%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d1%8f1

0 пікір
Мұрағат