Kибер қауіпсіздік министрлігі құрылмақ
Kибер қауіпсіздік министрлігі құрылмақ
8 жыл бұрын 4092 24.kz

Германия терроризммен күреске мықтап кірісті. Тіпті, осы мақсатта арнайы кибер қауіпсіздік министрлігін құруды жоспарлап отыр. Оның құрамында 400 қызметкер бар екені де белгілі болды. Арасында елдегі ең үздік IT-мамандар мен хакерлер бар. Олар электростанция немесе Бундестагқа жасалатын кез келген кибер шабуылға қарсы тұруы тиіс. Оған қоса, IT-мамандар лаңкестікке қатысы бар күдіктілердің әлеуметтік желідегі парақшаларын бұзып, ондағы жазбаларды тексеріп отырады. Бұған дейін Еуропадағы ең қауіпсіз мемлекет саналған неміс елі Мюнхен, Ансбах, Вюрцбургтегі қайғылы оқиғалардан кейін ойлана бастады. Билік қауіпсіздікті күшейту мақсатында тәртіп сақшыларының санын 15 мыңға жеткізді. Оған қоса, адам көп жиналатын іс-шараларға көлемі үлкен сөмке ұстап келуге де тыйым салды. Елдің Ішкі істер министрлігі әуежайларға бақылау камералары арқылы мыңның арасынан күдіктіні тани алатын жүйе орнатпақ. Томас Нойендорф, Берлин полициясының баспасөз хатшысы: - Біздің жағдайымызда полиция күдіктілер туралы жедел ақпарат алуы тиіс. Сондықтан, әрбір адамның әлеуметтік желіде қандай жазба қалдырғанын жіті бақылауда ұстаймыз. Интернетте жасаған әрекеттер анықталмайды деу бекер. Шын өмірде қалай із кессек, онда да солай зерттей аламыз. Интернет қолданушыларының өз пікірін емін-еркін қалдырғаны маңызды, әрине. Бірақ, әңгіме қылмыс төңірегінде болса, біз аянып қалмаймыз.

0 пікір
Мұрағат