Қазақстан ядролық отын тасымалдаушы жалғыз ел болуы мүмкін
Қазақстан ядролық отын тасымалдаушы жалғыз ел болуы мүмкін
8 жыл бұрын 2766 7kun.kz

Қазақстан төмен байытылған уран банкіне ядролық отын жеткізетін жалғыз ел болуы мүмкін. Бұл туралы энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлімдеді. 

«Ядролық отын бірнеше емес бір елден жеткізіледі. Тиісінше, ол отынды тек МАГАТЭ ғана сатып алады. Төмен байытылған уранның иесі де солар болады», — деп мәлімдеді Жақсалиев.

Оның сөзінше, арнайы конкурс жүргізіліп, тек бір жеткізуші таңдап алынады. «Теориялық түрде ол ел Қазақстан болуы мүмкін», — деп атап өтті Қазақстанның энергетика вице-министрі.

Осыған дейін Жақсалиев банкте 90 тонна төмен байытылған уран сақталады деп хабарлаған еді.

0 пікір
Мұрағат