Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады
Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады
4 жыл бұрын 2379 ernur.kz

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде үш күн, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамында қатарынан бес күн демалыс беріледі

2020 жылы наурыз айында қазақстандықтар 13 күн демалады, деп жазады Sputnik Қазақстан. Қазақстанда наурызда екі ресми мереке аталып өтеді.

Биыл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, 9 наурыз – дүйсенбі демалыс болады. Осылайша 3 күн қатарынан демалыс беріледі. 21-23 наурызда елімізде үш күн Наурыз мейрамы тойланады. Бұл мерекенің екі күні – 21 және 22 наурыз демалыс күндеріне түсетіндіктен, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 5 күн қатарынан (21-25 наурызда – Sputnik) демалу мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен, 1, 14, 15, 28 және 29 наурыздағы барлық демалыс күндерін қоса алғанда қазақстандықтар көктемнің алғашқы айында 13 күн демалады.\\

0 пікір
Мұрағат