Қазақстан басқа елдерге гуманитарлық көмек ретінде қанша қаржы бөлді
Қазақстан басқа елдерге гуманитарлық көмек ретінде қанша қаржы бөлді
6 жыл бұрын 2536

2017 жылдың желтоқсанында Қазақстан үкіметі гуманитарлық көмек бөлу туралы бірнеше қаулыға қол қойды. LS порталы мемлекетіміздің қай елге және қанша көлемде көмек беретіні туралы ақпарат дайындады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі. 

Антигуа және Барбуда елдеріне - 50 мың доллар (2017 жылдың IV тоқсанына сәйкес, $1 334,41 теңге курсы бойыншашамамен 16,7 млн теңге )

Қаражат ҚР үкіметінің төтенше жағдайлар резервінен бөлінді. Ол 2017 жылда аралдардағы дауылдардың кесірінен туындаған табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың кесірін жоюға бөлінген республикалық бюджет қаржысы.

Кариб қоғамдастығына 100 мың доллар (шамамен 33,4 млн теңге), сонымен қатар, Кариб бассейні елдеріндегі дауылдарға байланысты да ақша бөлінді.

Бангладештегі Мьянма рохинджа мұсылмандарына 500 мың доллар (шамамен 1677 млн теңге).

Жәбір шегуші елдерге әлеуметтік көмек ретінде де қаржы бөлінді.

Бұдан басқа, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2016 жылы мемлекеттік материалды резерв бронынан алып тасталған материалды құндылықтар құнын өтеу үшін 662,7 млн теңге алды. Тиісті қаулыға қосымшаға сәйкес:

Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсету үшін 276,8 млн теңге;

Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсету үшін 200,3 млн теңге;

Сирия Араб Республикасына гуманитарлық көмек көрсету үшін 185,6 млн теңге бөлінді.

Сондай-ақ, «Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету туралы» Қазақстан үкіметінің қаулысына сәйкес, 986,5тонна мазут алу үшін 101,1 млн теңге бөлінді.

0 пікір
Мұрағат