Қазақстан алтын қоры бойынша Сауд Арабиясынан асып түсті
Қазақстан алтын қоры бойынша Сауд Арабиясынан асып түсті
6 жыл бұрын 3045

Қазақстан 2018 жылы алтын қоры көрсеткіші бойынша Сауд Арабиясынан озып, жалпы рейтингте 15-орында тұр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Жыл басынан бері Қазақстанның Ұлттық банкі отандық өндірушілерден 33 тонна аффинаждалған алтын алды.  "Қазіргі уақытта Қазақстан алтын қоры бойынша 15-орында тұр. 2018 жылы Сауд Арабиясынан озып кеттік. 2018 жылы 10 қыркүйекте Қазақстан Ұлттық банкінің алтын портфелі - 333 тонна, бұл дегеніміз 12,8 миллиард доллар", - деді Ұлттық банк өкілдері өкілдері.  Ұлттық банк қазақстандық алтынның әлемдік саудада танымал болуы үшін, алдағы болашақта аффинаж алтынның небәрі 4 пайызын сатуды көздеп отыр екен.  Сондай-ақ, Ұлттық банк өкілдері 2018 жылдың басынан әлем саудасында алтын бағасы 8 пайызға түскенін айтады. Бұған доллардың нығаюы себеп болды. 

0 пікір
Мұрағат