Қазақстан 2030 жылға қарай парникті газдардың ауаға тарауын 25 пайызға қысқартады
Қазақстан 2030 жылға қарай парникті газдардың ауаға тарауын 25 пайызға қысқартады
8 жыл бұрын 2361 inform.kz Марлан Жиембай

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Париж келісімін ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы мақұлданды.

«2015 жылғы 12 желтоқсанда Париж қаласында БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының 21-ші тараптар конференциясының қорытындысында Париж келісімі қабылданды. Бұл келісімнен шығу ол күшіне енгеннен кейін 3 жылдан соң ғана мүмкін болады.  Қазақстан келісімге 2016 жылғы 2 тамызда қосылуға шешім қабылдады. Қазіргі таңда аталған келісімді жалпы шығарындылар жиынтығы 58 пайызды  құрайтын 76 ел  ратификациялады. Бұл ағымдағы жылдың 5 қазанында Париж келісімінің күшіне енуі үшін қажетті шарттарға қол жеткізгенін білдіреді»,-  деді заң жобасын таныстырған ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Оның айтуынша, парникті газдардың жалпы жаһандық шығарындылары жиынтығының кемінде 55 пайыздық үлесіне тиетін конвенция тараптарының кемінде 55-і БҰҰ-ның депозитарийіне ратификациялау туралы құжаттарын тапсырған. Яғни, Париж келісімінің 30-шы күні немесе 2016 жылдың 4 қарашасында күшіне енеді.

«Париж  келісімінің ережесіне сәйкес, келісім тарабының  бірінші кеңесі Марракеш қаласында БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының 22-ші тараптар конференциясының аясында  ағымдағы жылдың 7-18 қарашасы аралығында өтеді», - деді министр.

Бозымбаевтың айтуынша, Париж келісімі жаһандық орташа температура өсімінің индустрияға дейінгі деңгейден 2 градустан анағұрлым төмен деңгейде ұстауға, парникті газдар шығарындыларын төмен деңгейінде климат өзгеруінің қолайсыз әсерлеріне бейімделу және әлсіздіктің төмендеуіне негізделеді.

«Келісім аясында әрбір тарап өзі  қол жеткізуге ниеттеніп отырған ұлттық деңгейде айқындалатын үлестерін ұсынады. 5 жылда бір рет елдер ұлттық деңгейде анықталатын үлестерін айқындайды. Қазақстан 2015 жылғы қыркүйекте 2030 жылға дейінгі мерзімде базалық 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдар шығарындыларын шартсыз түрде 15 пайызға және шартты түрде 25 пайызға азайту немесе қысқарту міндеттемесін жариялады. Ұсынылған үлестерге қол жеткізу Париж келісімімен заңды түрде міндеттелмейді. Олар ерікті негізде орындалады және хатшылықтың ашық тізілімінде жарияланады», - деді ол.

0 пікір
Мұрағат