Оңтүстік Қазақстанда әйелдер суициді белең алып барады
Оңтүстік Қазақстанда әйелдер суициді белең алып барады
8 жыл бұрын 2514 azattyk.kz Дилара ИСА

Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-сі «Биылғы алғашқы алты айда өңірде 157 әйел өзіне қол салмақ болды. 120 әйел тірі қалды, 37-сі қайтыс болды» деген хабар таратты. Облыста өзіне қол жұмсаған әйелдер 2015 жылдың сол мерзімімен салыстырғанда 30 пайызға көбейген.

Тамыздың 8-і күні Шымкенттегі Абай саябағының маңында орта жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберген еді. Мұнан соң Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті (ОҚО ІІД) өңірдегі әйелдер суицидіне қатысты мәлімет жариялады. 2016 жылдың алғашқы алты айында өзіне қол жұмсаған 157 әйелдің 95-і 30 жасқа толмаған болса, 52-сі 35-45 жас аралығында, қалғаны 45-тен асқан.

ІІД мамандары бұл оқиғаларды талдағанда оның негізгі себептері «жүйке жұқаруы, жалғыздық, жұмыссыздық» болып шыққан. Ал психологтар «отбасылық» және «қоғамға бейімделе алмау» мәселелерін атайды.

1 пікір
Мұрағат