ЫҚЫЛЫМ ЗАМАНДАРҒА ТИЕСІЛІ МЕШІТ ТАБЫЛДЫ (ФОТО)
ЫҚЫЛЫМ ЗАМАНДАРҒА ТИЕСІЛІ МЕШІТ ТАБЫЛДЫ (ФОТО)
8 жыл бұрын 3911 muslim.kz

Сауд Арабиясы аумағында археологиялық зерттеу жүргізіп жатқан француз және саудиялық ғалымдар тобы Ислам діні алғаш тарала бастаған замандарға тиесілі көне мешіттің орнын тауып отыр.

18 сарапшыдан тұратын археологтар тобы әл-Харж қаласы маңындағы әл-Иамама деген жерде қазба жұмыстарымен айналысып жатқан болатын. Қазба жұмыстары барысында олар хижра жыл санағы бойынша 1-5 ғасыр арасында жұмыс істеген ірі мешіттің орнын анықтаған. Үлкен аумақты алып жатқан мешіттің жабық етіп салынған үш залы бар.

Археологтар табылған мешіттің үлкендігі бойынша араб түбегіндегі үшінші мешіт екенін (Мекке қаласындағы Харам мешіті мен Мадина қаласындағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті) айтып отыр.

Находка периода раннего ислама.

 

0 пікір
Мұрағат