Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып Қожамжаров тағайындалды
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып Қожамжаров тағайындалды
8 жыл бұрын 2349 tengrinews.kz

Қайрат Қожамжаров ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын", - делінген Президент жарлығында.

Бұл ведомство Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін қайта ұйымдастырудан кейін пайда болды.

0 пікір
Мұрағат