Келесі жылға арналған дәрілік заттардың 95%-ы сатып алынды
Келесі жылға арналған дәрілік заттардың 95%-ы сатып алынды
7 жыл бұрын 2165 egemen.kz

Биыл алғаш рет Бірыңғай дистрибьютор тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (әрі қарай — ТМККК) аясында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу алдын ала өткізілді.

«1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2017 жылға қажеттіліктен берілген өтінімдерден 95 пайызы сатып алынды, ал қалған 5 пайыздық бөлігі бойынша жылдың соңына дейін іске асырылады. Алдын ала үнемдеу 10 млрд теңгені құрады»,– делінген Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінде.

2017 жылға «СК Фармация» ЖШС республиканың 1115 медициналық ұйымдары үшін барлығы 113,2 млрд теңгеге дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алады. Келер жылға сатып алынған 896 препараттың ішінен 462-сі, яғни 51,56% – отандық өнім. 2010 жылдан бері қазақстандық қамтудың көлемі 6 есеге артты, ал өткен жылмен салыстырғанда 5 млрд. теңгеге артты.

Айта кетейік, Бірыңғай дистрибьютор 15 қарашада ТМККК аясында дәрі-дәрмектердің 2016 жылға арналған жылдық қажеттілігін 100 пайыз көлемінде мерзімінен бұрын медициналық ұйымдарға жөнелтті.

0 пікір
Мұрағат