Жер кодексіне бес жылдық мораторий президент жарлығымен бекітілді
Жер кодексіне бес жылдық мораторий президент жарлығымен бекітілді
8 жыл бұрын 2875

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 жарлығына өзгеріс енгізу туралы жарлыққа қол қойды.


Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған Жарлық ҚР Жер кодексінің өзгерістеріне мораторийді бес жылға ұзартты.

ЖАРЛЫҚ

«Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің

2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы қаулы етемін:

  1. «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы №248 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 27, 150-құжат)мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтағы «2016» деген цифрлар «2021» деген цифрларға ауыстырылсын.

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Президенті                      Н. Назарбаев

0 пікір
Мұрағат