Жануарлар әлемі: Жолбарыс зообақ қызметкерін қабыланнан құтқарды (видео)
Жануарлар әлемі: Жолбарыс зообақ қызметкерін қабыланнан құтқарды (видео)
8 жыл бұрын 4974

«Мехикодағы «Теңбілшер, ақ жолбарыстар» зообағында оқыс оқиға орын алды. Хайуанаттар бағының қызметкері Эдуардо Серио Дарма атты қабыланның жемтігіне айналуға сәл-ақ қалды. Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды. Оны жолбарыс Азтлан бір қатерден құтқарды. Эдуард жыртқыштар тіршілік кешетін қоршауға жиі кіріп, ондағы аңдарды бағып-қағатын, еркелететін. Бірақ, жақында оның аңдармен кезекті қатынасының соңы қайғымен аяқтала жаздады. Эдуардо Серио 6 ақ арыстанмен болған сәтте Дарма оған шабуыл жасамаққа әрекеттенген. Арыстандармен айналысып жатқан Серио ту сыртынан ақырындап келе жатқан қабыланды байқамай да қалды. Азтлан қабылан адамға атылған сәтте оны аяғынан қағып құлатты.

0 пікір
Мұрағат