Жаяу жүргіншілерді "оятатын" жолдар пайда болды (фото+видео)
Жаяу жүргіншілерді "оятатын" жолдар пайда болды (фото+видео)
8 жыл бұрын 2886

Шымкентте жаяу жүргіншілерге ескерту жасайтын ерекше жолақтар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұл жобаны шымкенттік кәсіпкерлер қалаға сый ретінде жасаған. "Айта кетерлігі, бұл жолақтар қазір шаһардағы Тәуке Хан көшесі мен Қонаев даңғылының қилысындағы жолдарда ғана орналасқан. Жоба авторларының мақсаты - қала тұрғындарын жол ережелерін сақтауға шақырып, қауіпсіз қала құруға үлес қосу", - деді әкімдік қызметкерлері.

Айта кетейік, Интернетте жүргіншілерге арналған ерекше жол түсірілген видео да жарияланды.

"Осындай жаңалық жасап шықтық. Бұл еліміз бойынша жалғыз Шымкентте ғана бар", - дейді жоба авторлары. Айтуынша, мұндай жолақтар тек Прага, Берлин және Мәскеу қалаларында орнатылған. Енді, Қазақстан бойынша алғаш рет Шымкентте пайдаланылып отыр.

© Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

0 пікір
Мұрағат