Жаңадан құрылған еңбек қорғау қауымдастығы өндірістегі жарақат мәселесіне мән бермек
Жаңадан құрылған еңбек қорғау қауымдастығы өндірістегі жарақат мәселесіне мән бермек
8 жыл бұрын 3629 inform.kz

Қазақстан Республикасының және Азия елдерінің еңбек қорғау мен техника қауіпсіздігі қауымдастығы құрылды.

«Қазақстан Республикасының және Азия елдерінің еңбек қорғау мен техника қауіпсіздігі қауымдастығы 2016 жылдың шілде айында ғана құрылды. Қазіргі уақытта біз алғашқы қадамдарымызды жасап, салада тиісті жұмыстарымызды атқаруға тырысудамыз. Бүгінде бізге мүшелікке кірген мекемелер саны 10-ға таяп қалды. Атап айтқанда, өзге де заңды тұлғалар қауымдастыққа мүше болуға ниет білдіруде. Біздің мақсатымыз - еңбек қорғау мен техника қауіпсіздігі саласындағы мамандарды, сарапшыларды шоғырландырып, оларды сараптама бойынша сертификаттау»,-деді аталған қауымдастық директоры Набибулла Досболов.

Оның сөзіне қарағанда, қауымдастық өндірістерде зардап шеккен адамдардың мәселесіне айрықша мән бермек. Бұл бағыттағы ақпарат тиісті деңгейде ашық болмай тұрған көрінеді. Осы ретте алдағы уақытта ғылыми-зерттеу шараларын жүргізу қолға алынып, бірегей ақпаратты топтастыру ескеріліп отыр.

0 пікір
Мұрағат