Жаңа заң бойынша полиция кімдерді 48 сағаттан артық ұстай алады?
Жаңа заң бойынша полиция кімдерді 48 сағаттан артық ұстай алады?
7 жыл бұрын 3850

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов жаңа заң бойынша кімді 72 сағат қамауда ұстауға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Құқық қорғау қызметі туралы жаңа заң жобасы бойынша, күдіктіні қамауда ұстау уақыты ересектер үшін 72 сағаттан 48 сағатқа, ал кәмелетке толмағандар үшін 24 сағатқа дейін қысқарады. 

"Заңға қайшы әрекеттерді болдырмау үшін ауыр істерге қатысты ғана 72 сағат қалдырылды. Бұл лаңкестік және экстремистік, жаппай тәртіпсіздік, топпен жасалған қылмыс, есірткі айналымы, педофилия, адам өлімі және шалғай жолға байланысты күдіктіні судьяға жеткізе алмай жақтан жағдайлар бойынша қалдырылды", - дейді Ахметжанов заң жобасын Мәжілісте таныстырып. 

Сонымен қатар, жаңа заң жобасында экономикалық қылмыс үшін күдіктіні қамауға алмау ұсынылды. 

Еске салайық, мұның алдында Бас прокурор Жақып Асанов Қылмыстық-процесуалдық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу аясында күдіктілерді ұстау уақытын 72 сағаттан 48 сағатқа азайтуды ұсынған.

Сонымен бірге, құпия түрде өтетін жедел әрекеттер прокуратурадан сот жүйесіне өтеді.

0 пікір
Мұрағат