Әр қазақстандыққа шаққанда 9300 доллардан: Сарапшылар сыртқы қарыздың қаупін түсіндірді
Әр қазақстандыққа шаққанда 9300 доллардан: Сарапшылар сыртқы қарыздың қаупін түсіндірді
7 жыл бұрын 3418

Қазақстанның қарызы 7 ай бойы өсімін тоқтатпай, 2017 жылдың 1 шілдесіндегі көрсеткіш бойынша 167,89 миллиард долларға жетті. Бұл адам басына шаққанда 9300 доллардан келеді екен. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның сыртқы қарызының экономикамызға және әрбір қазақстандыққа жеке алғанда қандай қаупі барын сарапшылардын сұрап білді. 

Экономист Магбат Спанов 167,89 миллиард өте үлкен қарыз екенін, ал теріс әсері туралы сөйлеу үшін оның нақты құрылымы қандай екенін білу керектігін айтады. 

"Мемлекеттік, мемлекет сыңайлы сектор, шаруашылық жүргізу субъекті және банк секторының қарызы қаншаға өсті? Егер мемлекеттік қарыз өссе, мұның кері жағы көп. Егер мемлекеттік қарыз кеміп, ал сыртқы қарыз өссе, қаржы алған нақты фирмалар жауап береді. Сонымен бірге, шаруашылық жүргізу субъекті қарызды кредиттік желі бойынша алса да, қарызды бәрібір мемлекет төлеуі керек болады", - деп түсіндірді Спанов. 

Ұлттық банк мәліметі бойынша, Қазақстанның сыртқы қарызының құрылымында мемлекеттік және мемлекет кепіл берген сыртқы қарыз 13,9576 миллиард доллар. Бұл жалпы қарыздың 8,3 пайызы. Мұның ішінде 13,241 миллиарды мемлекет қарызы. 

Ал экономист Алмас Чукин мемлекет сыңайлы сектор қарызы алаңдаушылық тудыратынын айтады. Өйткені, олар олар мемлекеттік қарыз құрылымында көрсетілмейді екен. 

"Біздің мемлекет сыңайлы сектор қарызды көп алды. Зейнетақы қорынан төлеу керек болғандығына қарағанда - бұл өте үлкен қарыз және мұндайды тоқтату керектігі айтылып жатыр. Өйткені, бұл қарыз көрінбейді. Олар сырттан қарыз алады, ал аяғында оны бюджет есебінен төлеуі тиіс болады. Бұл алаңдатарлық жағдай", - дейді Чукин. 

Магбат Спанов сыртқы қарыз әрбір қазақстандық үшін жеке алғанда әлеуметтік төлемдермен қиындықтар болуымен байланысты екенін айтады. Мектептер аз салынады және тағы басқасы. 

"Біз өзгенің ақшасын шашып, ал өзіміздің ақшаны кредит жабуға береміз. Қарыз қайтуы керек. Бұл біздің қаржылық русурсымызды дұрыс пайдаланбайтынымызды білдіреді. Мәселен, Ұлттық банктің алтын қоры артып келеді. Ал ұзақ келіссөздер нәтижесінде қол жеткізген қаржы тиімді жұмсалмайды. Мәселен кейін пайдаланбайтын медициналық жабдық сатып алынады", - дейді экономист. 

Сонымен бірге, экономист Алмас Чукин Қазақстанның сыртқы қарызының өсуінің оңды тұстары барын да атап өтті. 

"Мен бір үлкен жобаны білемін - Chevron іске асырып жатқан Қашағанды кеңейтудің екінші фазасы. 3-5 миллиард жұмсады, ары қарай да жұмсамақ. Бұл фирманың ішкі қарызы ретінде толтырылады. Chevron компаниясының қазақстандағы өкілдігі басты компанияға қарыз. Алайда, жалпылай алғанда бұл сыртқы қарызға жазылады. Ал негізінде бұл таза инвестиция. Бұл үшін қуануға да болады", - дейді Чукин. 

0 пікір
Мұрағат