Жаңа жылдан бастап Елтаңба өзгереді
Жаңа жылдан бастап Елтаңба өзгереді
8 жыл бұрын 7433

Жаңа жылдан бастап Елтаңба өзгереді, - деп хабарлады «tengrinews.kz» ақпарат көзі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Ақпарат құралының мәліметінше, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа үлгідегі Елтаңба енгізіледі. Бұл туралы бүгін  Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков мәлімдеді.

"2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Елтаңбамыз енгізіледі. Ал, ескі үлгідегі Елтаңба 2017 жылдың соңына дейін қолданыла береді. Жаңа Елтаңбаға тоқталсақ, оның өлшемдерін, жаңа нұсқасын дайындау оңайға түскен жоқ. Шамамен 5-6 жыл уақыт кетті. Дегенмен, ол жаңа құралдар, технологиялар бойынша жасалды", - деді ол.

Елтаңба авторы қазір қолданып жүрген Елтаңбаның еш атауы жоқ екенін тілге тиек етті.

"Қазіргі Елтаңбаның еш атауы жоқ. Оған көз салғанда қай жерінде не тұрғаны белгісіз. Сондықтан 40-тан астам атау бердік. Әр атаудың өзіндік өлшемі, өз орны, сипаттамасы бар", - деді Мәлібеков.

2 пікір
Мұрағат