Islam.kz оқырмандарының көмегі
Islam.kz оқырмандарының көмегі
7 жыл бұрын 2652

Биылғы көктем Қазақстан жұртшылығын ерекше әбігерге салғаны белгілі. Еліміздің Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола секілді облыстарында тасқын болып, көптеген тұрғын үй су астында қалды. Бір-ақ күнде үйсіз, күйсіз қалған халық әбден әбігерге түсті. Қайғысыз, қамсыз жүрген жұртшылықтың әп сәтте тұратын баспанасы, киім-кешегі, дүние-мүлкінен айырылуы қай-қайсымыздың басымызға түссе де оңай болмасы анық. Сондықтан, айналасынан жәутеңдеп жақсылық күтіп, үміт артып отырған ағайынға көмек қолын созуды – мұсылмандық парыз  санап, Islam.kz оқырмандарына үндеу тастаған едік.

(http://islam.kz/kk/news/qazaqstan/su-tasqynynan-zardap-shekkenderge-komek-qolyn-sozaiyq-7888/#gsc.tab=0)

Нәтижесінде портал есепшотына 262 мың теңге жиналды. Көп емес, бірақ аз да емес. Бір отбасының болса да жыртығын жамап, қажетіне жарар ақша. Islam.kz порталы оны толықтай Ақтөбе қаласында арнайы құрылған "Қолғанат Ақтөбе" қоғамдық қорына аударды. Аударар алдында, тексеріс жүргізіп, оның мемлекет тарапынан құрылған қор екеніне көз жеткізді. Шын ниетпен берілген дүние зардап шеккендерге жетер. 

Көмек қолын созып, қайырымдылық жасаған мұсылмандарға Алла сауаптан жазсын! 

0 пікір
Мұрағат