ХҚКО құжаттардың дайын болғаны туралы SMS-хабарлама жібереді
ХҚКО құжаттардың дайын болғаны туралы SMS-хабарлама жібереді
7 жыл бұрын 3186 bag.kz

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа қызмет түрін іске қосты. Енді қазақстандықтар құжаттардың дайын болғаны туралы ақпаратты SMS арқылы біле алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов Facebook-тегі парақшасында жазды. 

«Енді датаны шатастырып алсаңыз, ХҚКО-ға барып, әуреге түспейсіз. SMS есіңізге салып отырады, құжат уақытынан бұрын дайын болса да, сіз оны дер кезінде білесіз. Айтпақшы, қызмет тегін көрсетіледі. Бұл «Азаматтарға арналған үкіметтің» қызметіне жүгінетіндердің өмірін жеңілдетеді деп ойлаймын», - деп жазды Абылайхан Оспанов.

Сонымен қатар, қазақстандықтар қызмет сапасын 1-ден 5-ке дейінгі санмен бағалай алады.

«Сіздердің бағаларыңызға сүйене отырып, сервисті жақсарту бағытында жұмыс істейміз», - деп түйіндеді корпорация төрағасы.

0 пікір
Мұрағат