Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа қол қойылады
Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа қол қойылады
3 жыл бұрын 977 baq.kz

Бүгін 29-мамыр Астанада саммитте Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа қол қойылады. Ол 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Тарихи оқиғаға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үш басшысы: Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко қатысады. Сонымен бірге, құжатқа қол қою рәсіміне Армения мен Қырғызстан Президенттері келеді деп күтілуде. Олар да Еуразиялық экономикалық одаққа қызығушылық білдіріп отыр. «РИА Новости» агенттігінің мәліметіне қарағанда, саммит барысында Астанада Арменияның ЕАЭО-ға қосылу мәселесі қаралады.

ЕАЭО 170 млн. халық саны бар үш елдің ортақ нарығын құруды қарастырып отыр. Тауарларды, қызмет түрлерін, капитал мен жұмыс күшін еркін тасымалдауға жағдайлар жасалады. Сонымен бірге, мүше мемлекеттер экономиканың негізгі салаларында келісілген саясатты жүзеге асыруды қолға алады.

1 пікір
  • Осы бір қадам қайырлы да, сәтті болу үшін дұға етейік, тілектес болайық, ағайын!
    3 жыл бұрын
Мұрағат