Ерінбей еңбек еткен адамдарға әркез мемлекет те қолдау көрсетеді (видео)
Ерінбей еңбек еткен адамдарға әркез мемлекет те қолдау көрсетеді (видео)
8 жыл бұрын 2618 khabar.kz С.Қайырденұлы, В.Пятков, Д.Рура

Солтүстік Қазақстан облысында ешкімнің көмегіне жүгінбей, кәсібін дөңгелеткен кәсіпкерлер көбейді.  Мәселен, өңірдегі экономика саласында белсенді 312 мыңнан астам азаматтың 31,7 пайызы бүгінде өз ісін бастаған. Басым бөлігі шаруашылықтарын ауылды жерде жандандырған.  Әріптесіміз Самат Қайырденұлы кәсіпкерлермен кездесіп, алдағы  Бабын тапсаң, жер ананың берер ризығы мол. Мұны Әбдураимовтар әулеті жақсы түсінеді.  2012 жылы Ташкенттен Солтүстік Қазақстанға қоныс аударған қандастарымыз бүгінде көкөніс өсіріп, нәпақасын тауып отыр.  Отбасылық бизнеске айналған шаруашылықта ауыл тұрғындары да еңбек етеді. Күніне 100 келіден астам өнім саудаға шығарылады екен.  Нафиса Әбдураимова, Бәйтерек ауылының тұрғыны: -Сұраныс көп. Ал бізге жеріміз жетпейді. Тағы да жер алғымыз келеді. Әртүрлі көкөніс сұрап жатыр. Кейбірі Айсберг сұрайды. Пекинское капустаны да сұраушылар бар. Енді соларды да ексек пе деген ойымыз бар. Ал төрт түліктің төресі жылқы баптауды кәсіп еткен Мәденовтар отбасы бүгінде бие байлап, саба толы қымыз сапырады.  Қазіргі таңда ұлттық сусынға деген сұраныс артқандықтан шағын ферма да құрған. Нәтижесінде күніне 30 литрге жуық қымыз өндіреді.   Меруерт Мәденова, Батыр анна:  - Көзімді ашқаннан бастап білемін әке-шешем жылқы ұстады. Бие сауатын. Сол жерде мен де, балаларым да біте қайнап өсті. Осы алған қымызды балалар өзінің нанын алуға жұмсайды. Өздерінің күн көрісіне жұмсайды. Бір жағынан, мен қуанамын. Қазақ халқының, өз халқының дәстүрін ұмытпаған балама рахмет айтамын. Ерінбей еңбек еткен адамдарға әркез мемлекет те қолдау көрсетеді. Жүйелі көмектің нәтижесін Қызылжар ауданындағы оңды өзгерістен байқауға болады. Нұрлан Сұлтанғазин, Қызылжар аудандық Жұмыспен қамту бөлімінің басшысы: - Биыл Қызылжар ауданына 63 миллиондай несие берілді. Қазір соны игеріп жатырмыз. Керек адамдарға, жағдайға байланысты өзінің жұмысын көтеру үшін жер беріледі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2016 жылдың бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша теріскейде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың саны 99 300 адамды құрап отыр.

 

0 пікір
Мұрағат