Елордада республикалық әскери парад өтеді
Елордада республикалық әскери парад өтеді
9 жыл бұрын 5676

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай және Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай ауқымды әскери парад өткізіледі. Бұл Астана қаласы, "Қазақ елі" монументінің алдындағы алаңда ұйымдастырылады. Әскери парадқа ҚР Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұл парад ең ауқымды және орасан зор болмақ. Оған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлық түрлерінің бес мыңға тарта әскери қызметшілері, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар, сондай-ақ екі жүз бірлік қару-жарақ және әскери техника, әскери авиацияның 70 тікұшағы мен ұшақтары қатыстырылады.

Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған еліміздің «Қазақ елі» басты алаңындағы орасан зор әскери парадтың тікелей көрсетілімін қазақстандықтар республикалық телеарналардың тікелей эфирінен, сондай-ақ барлық алаңдарда орнатылған LED-экрандар арқылы көре алады.

Еске сала кетейік, 2012 жылғы қазанда Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 7 мамырда мерекеленетін жаңа мемлекеттік мерекені - Отан қорғаушы күнін белгілеген «ҚР-дағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. 

Аталған парад 7 мамыр күні 10:30-да басталады. 

0 пікір
Мұрағат