Елімізде қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 33%-ға төмендеді
Елімізде қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 33%-ға төмендеді
8 жыл бұрын 2579 BNews.kz

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітім 33%-ға төмендеді (1991 жылғы 100 мың тұрғынға шаққандағы 137,4 көрсеткішінен 2015 жылы 92-ге дейін). 

Бүгінгі таңда медицина саласындағы қатерлі ісік ауруын емдеу, диагностикалау мен оның профилактикасының заманауи тәсілдері пациенттің толыққанды, әсіресе, аурудың ерте кезеңінде жазылып кетуін қамтамасыз етіп отыр. Қатерлі ісіктің алдын алу мен ерте диагностикалаудың тиімді тәсілі – ең алдымен, халықты профлактикалық медициналық тексеруден өткізу.

Қазіргі таңда кезең-кезеңімен скринингтік бағдарламалар жатыр мойны, сүт бездері обырын, колоректальді обырды, асқазан мен өңеш, бауыр, қуықалды без обырларын анықтау бойынша жүргізіледі. 

Осы уақытқа дейін медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру мен оларды дайындауға зор көңіл бөлініп келді. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты (ҚазОРҒЗИ) жалпы практика дәрігерлері, учаскелік терапевтер мен педиатрлар үшін онкологиялық қырағылықты күшейту мен қатерлі обырды ерте диагностикалауға қатысты семинарлар өткізіп келеді. «Онкология», оның ішінде балалар онкологиясы, «сәулелі диагностика», «сәулелі терапия» мамандықтары бойынша резидентурада дайындау жүзеге асырылуда.

2011-2015 ж. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен біріктірілген Қазақстандағы онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында балалар онкологиясы мен гемотологиясы, клиникалық морфология мен онкоцитология, жоғары технологиялық сәулелі терапия, ядролық медицина, радиохирургия мен брахитерапия мамандары халықаралық үздік тәжірибені меңгеру мақсатында шетелге оқуға жіберілген болатын. Бұл Ресей, Латвия, Беларусь, Германия, Франция, Түркия, Чехия, Үндістан, Моңғолия, Хорватия, Словакия және т.б. сияқты елдер. Шетелдік мамандар да бірнеше рет Қазақстанға да келген еді.

Жоғарыда аталған бағдарламаның аясында аймақтардағы сырқаттанған адамдарға көмек көрсететін онкологиялық диспансерлер мен денсаулық сақтау ұйымдары заманауи құрылғылармен жабдықталған (компьютерлік және магнитті-резонанстық томографтар, сандық маммографтар мен рентген аппараттары). Астана, Алматы, Ақтөбе, Семей қалаларында радиациялық онкология жоғары технологиялық орталықтарын жабдықтау үшін заманауи радиологиялық құрылғылар сатып алынды (сызықтық үдеткіштер, компьютерлік томографтар). Бұл сәулелі терапияны заманауи деңгейде өткізуге мүмкіндік берді.+

Заманауи технологияларды енгізу жалғасып келеді. Өкпе, асқазан, өңеш пен колоректальді обырмен сырқаттанған пациенттерге жоғары мамандандырылған төменгі инвазивті эндоскопиялық хирургиялық көмек көрсетіледі, деп мәлімдеді ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметінен.

0 пікір
Мұрағат