Елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасына жалақы төлеуді ұсынды
Елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасына жалақы төлеуді ұсынды
4 жыл бұрын 3921 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мүмкіндігі шектеулі балаларын қарап отырған ата-аналарға әлеуметтік жұмысшының мәртебесін беріп, жалақы төлеуді ұсынды. Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов Павлодар қаласындағы Достық үйінде тұрғындармен кездесуінде осындай бастама көтерді. Бұл жайында pavlodarnews.kz ақпарат көзі хабар таратты. Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасы баласына қарап, жұмысқа шыға алмайды. Тіпті, баласы ересек болса да жанынан ұзап кете алмайды. Олар жұмысқа шыға алмағандықтан қартайғанда алатын зейнетақысы мардымсыз болады. Осылайша, оларға жалақы төлеп, зейнетақы жинағына аударып, олардың болашағын қамдау керек. Сондай-ақ, ол мүмкіндішгі шектеулі ата-аналардың жұмысқа шығып жүрсе, жұмыс күнін қысқартып әрі қосымша он күн ақылы демалыс беруді жақтайды. Баласын оңалту шараларына қатысуына жағдай жасау үшін. Ол үшін еліміздегі қолданыстағы Еңбек кодексіне тиісті түзетулер енгізу керек.

0 пікір
Мұрағат