Елімізде жұмысын роботтар істейтін зауыт бар (видео)
Елімізде жұмысын роботтар істейтін зауыт бар (видео)
7 жыл бұрын 3788 24.kz

Атыраудағы ірі өндіріс орталықтары қондырғыларын толықтай автоматтандыруға көшіре бастады. Индустрияландыру картасы аясында жаңадан ашылған зауытта жұмысты робот техникалар атқарады.

Ал мамандар өнім сапасы мен жалпы жұмыс барысын ғана қадағалап отырады. Кәсіпорынның дәнекерлеу цехында 12 робот қондырғы жұмыс істеп тұр. Атқаратын жұмыс ауқымы өте үлкен болғанымен, робот техникалар тапсырысты діттеген мерзімді аяқтауға мүмкіндік береді.

"Біздің зауыттағы металл құрылғылар цехы негізінен мұнай-газ компанияларына сервистік қызмет көрсетеді. Өнімге сұраныс жоғары. Сондықтан, жылына 6 мың тонна металл құрылғылар жасап шығаруды жоспарлап отырмыз" - дейді зауыт басшысы Рафик Мұхатов.

Жаңа зауытта 65 адам еңбек етіп жатыр. Мамандардың барлығы – шетелдерде біліктіліктерін арттырған жергілікті тұрғындар. Жұмысшылар жаңа технологиялардың арқасында бәсекеге қабілетті әрі сапалы өнім өндіріп отыр.

"Ресей, Германия, Түркия сияқты елдерде оқып, білім алып сосын біздің зауытқа келіп, соның бәрін бізге өндіріске енгізіп жатыр. Операторларымыз келеді, бағдарламасын енгізеді, қалғанының бәрін сол жаңа салынған роботтарымыз жасайды" - дейді дәнекерлеу цехының басшысы Самат Алдабергенов.

Кәсіпорынға 2,6 млдрд теңге қаржы салынған.

«Өнімге сұраныс көп болғандықтан, салынған инвестицияның қайтарымы жоспарлаған мерзімге сай келеді», - дейді мамандар.

Өйткені, зауыт тек ірі мұнай-газ компаниялары ғана емес, басқа салалармен жеке тұрғындардан да тапсырыс қабылдамақ ниетте.

0 пікір
Мұрағат