Елімізде халал өнімдері үшін 5 ұлттық стандарт енгізілді
Елімізде халал өнімдері үшін 5 ұлттық стандарт енгізілді
4 жыл бұрын 4501 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қабылданған стандарттар қолданудың пакетті принциптеріне ие.

«Халал» саласында қабылданған стандарттар қолданудың пакетті принциптеріне ие болғандықтан шариғат талаптарына сай өнімдерді өндірген кезде аталмыш стандарттарды басшылыққа алуы тиіс. Бұл жайында islam.kz порталы орыс тілінде хабар тарататын kapital.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етті. 

  1. «Халал» Өнімдері» ҚРСТ 3483−2019. Негізгі ереже».

Бұл стандарт «Халал» өнімдеріне және оның өндірістік, сақтау, тасымалдау және маркілеу процестеріне қатысты негізгі ережелерді айқындайды. Сондай-ақ, қандай өнімдердің шариғат талаптарына сай екенін анықтап береді. 

2. «Халал» Өнімдері» ҚРСТ 3453−2019. Ауыл шаруашылығына арналған жануарлар мен құстарды сою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар».

Бұл стандарт «Халал» тағам өнімдері үшін ауыл шаруашылығына арналған жануарлар мен құстарды сою қызметін атқаратын ұйымдарға арналған. Сою ветеринария саласындағы заңнамамен бекітілген талаптарға сәйкес келуі тиіс, сондай-ақ, сою орны халал жануарлар мен құстарға ғана арналуы тиіс. 

3. «Халал» Өнімдері» ҚРСТ 3485−2019. Сәйкестікті растауды жүргізу тәртібі».

«Халал» өнімдерін стандарттау жөніндегі құжатпен бекітілген талаптарға нысандардың сәйкестігін құжат жүзінде растауды білдіретін процедура. Мұндай құжат сертификатты беру реестірінде тіркелген «Халал» өнімдерінің сәйкестік сертификаты болып табылады. 

4. ҚР СТ 3484−2019. «Халал» өнімдері сәйкестігінің ұлттық белгісі. Техникалық талаптары мен маркілеу тәртібі». 

Аталмыш стандарт «Халал» өнімдер өндірісе сәйкес ұлттық белгілерге қатысты формаға, мөлшерге және техникалық талаптарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ, «Халал» өнімдерін маркілеу ретін белгілейді. 

«Халал» өнімдеріне сәйкес белгі – өнімнің тегі туралы тұтынушыға ақпарат ретінде қызмет ететін, сондай-ақ, «Халал» өнімдеріне қатысты стандарттау жөніндегі құжаттармен бекітілген талаптарға сәйкестігін растайтын белгі. 

5. ҚР СТ 3454−2019. «Халал» қоғамдық тамақтандыру қызметі. Жалпы талап». 

Мейрамхана, бар, кафе, асхана, дәмхана, тез тамақтандыру кәсіпорны, т.б. қоғамдық тамақтандырудың барлық түрі аталған стандарттарға сай қызмет көрсетуі тиіс.

0 пікір
Мұрағат