Елбасы қызметке адамдарды қалай тағайындайтынын айтып берді
Елбасы қызметке адамдарды қалай тағайындайтынын айтып берді
8 жыл бұрын 3940

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі бір қызметке үміткерлерді қалай таңдайтынын айтып берді, - деп хабарлайды «Tengrinews.kz» ақпарат көзінің тілшісі.

"Хабар" телеарнасында көрсетілген "Елбасы" деректі фильмінде Назарбаев басқарушының психолог болуы керек екенін айтты.  

"Басқарушы психолог болуы керек, себебі ол адамдарды қай орынға қызметке қоюын білу үшін оларды тануы керек. Біреуді бірінші рольдегі орынға қоясың, ол сонда өзін жақсы жағынан көрсете алады. Ал біреуі екінші рольдегі орында өзін жайлы сезінеді. Ал тағы біреуі үшінші рольдегі орында өзін жақсы қырынан танытады. Мұны қалай анықтау керек?", - дейді ол.

Эфирде Ақордадағы жиыннан кадрлар көрсетілді. Мұнда Назарбаевтың Исекешевті, Жұмағалиевті, Қасымбекті және басқаларды тағайындап жатады. Тағы бір кадрларда Ерболат Досаевтың ұлттық экономика министрі қызметінен отставкаға кету туралы өтініш айтқаны бар.

"(...) Кейде бір адамды қателіктен тағайындайсың. Қызметке қоясың. Сөйтіп ол жұмысын бастайды. Алдына міндеттер қойылады, бірақ ол келіп, мәселені сенің шешуіңді сұрайды. Мен оны осы мәселені шешуі үшін тағайындадым ғой. Мұндай жағдайда ол мен үшін проблемаға айналады. Проблеманы шешудің немесе ең болмағанда келіп "проблема бар, оны шешудің үш жолы бар, қайсысын таңдаған дұрыс екенін айтып жіберсеңіз" деудің орнына келеді де, мәселені маған итере салады. Мұнда сапа керек, адамның ұстанымын білу керек, психологияны жақсы білу керек", - деп атап өтті Назарбаев.

 

Н.Назарбаев ел басқаруда үлгі тұтқан бес тарихи тұлғаны атады (ВИДЕО)

«Мемлекет басшысы» атты деректі фильм барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел басқаруда үлгі тұтқан бес тарихи тұлғаны атады.

«Елді дамуға бастау үшін көп оқып, өзгелердің тәжірибесін зерттеу керек болды. Генерал де Голльды (Шарль де Голль) қатты құрметтеймін. Ол былай дейді: «Кей кезде мені де автократ деп айыптайды. Бұны жасырмаймын, тіпті, мені осылай айыптайтынын өзім де білгемін. Бірақ, мен мемлекет үшін қажет деп таныған әрекеттерді жасадым. Осы мемлекетті, мемлекеттілік пен экономиканы аяғынан тұрғызғандықтан, менікі дұрыс деп нық сеніммен айта аламын». Міне, осындай биография мен мемлекет қалыптастырған адамдар туралы ізденгенде, маған бірнеше адам қатты әсер етті»,-дей отырып Мемлекет басшысы Мұстафа Ататүріктің тағдырына тоқталды.

«Өткен ғасырдың бірінші жартыжылдығындағы тұлғаларды  атар болсам, бүгінгі Түркияның атасы - Мұстафа Ататүрік. Түркия мемлекет пен ұлт ретінде ары қарай өмірін жалғастыра ала ма деген сұрақ туып, Түркия ыдыраудың алдында тұрған кезде Осман империясының ұлтарақтай жерінде қалған ол қарусыз-ақ халқын  біріктіріп, Түркияны қорғап, оны қазіргідей зайырлы мемлекетке айналдырды. Оның идеялары әлі күнге дейін тірі және бұл адамды қастерлеп отырған түркі бауырларымыз дұрыс істеп отыр»,-дейді Елбасы Н.Назарбаев.

Қазақстан Президенті үлгі тұтған тағы бір тарихи тұлға - АҚШ-тың 32-інші Президенті Франлклин Рузвельт екен.

«Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңде өмір сүрген тағы бір тарихи тұлға - Франклин Рузвельт. Ол - таңдана қарайтын адам. Америкалықтар төрт мәрте президент етіп сайлаған жалғыз адам. Ұлы дағдарыс кезіндегі қаймықпастан қарапайым жұмысшылардың жағына шығып, байларды салық төлеуге міндеттеген, жұмыс орындарын ашуға міндеттеген, Американың инфрақұрылымын дамытқан  адам. Осылайша, өз мемлекетін құтқарған адам. Оны да біресе коммунист, біресе социалист деп айыптаған. Бірақ, мемлекетін жоқтықтан алып шықты. Оның үстіне ол арбаға таңылған адам болды. Менің ойымша, бұл адамың рухы ең биік»,-дейді Н.Назарбаев.

Н.Назарбаев үшін Сингапурдың «таңғажайып экономикасының» негізігін қалаушылардың бірі - Ли Ю-дың да өмірі қызық болыпты.

«Бертін уақытты алсақ, 80-інші жылдардағы Сингапурдың, Ли Куан Ю-дың тәжірибесі қызық болды. Мен онымен жеке таныспын, дос болдық, талай рет кездестік. Осы тақырыпты айтып, сағаттап әңгіме айтатын едік. Әрине, ол ерекше адам, оның жасағаны бәріне бірдей ұнай бермейтін. Оны да автократ, диктатор деп атады. Бірақ, ол Сингапурды үшінші әлемнен бірінші әлемге бастаған адам болды. Бұл әрине, қала мемлекет, Қазақстанмен салыстыруға келмейді»,-дейді Н.Назарбаев.

Маргарет Тэтчердің де биографиясын жақсы көретін Мемлекет басшысы Ұлыбританияның 71-інші Премьер-министрі жайлы бір тарихи дерекке тоқталды.

«70-80 жылдары Англияның құлаған экономикасын аяққа тұрғызған Маргарет Тэтчер болды. Және бұл әйел оны өжеттікпен жүзеге асырды. Бір эпизодты айтайын. Елдің экономикасы банкротқа ұшыраған кез. Бірақ, халық жұмыссыз қалмасын деп, кәсіпорындарды банкрот деп жариялауға тыйым салған кез. Бірақ, ол Анлгияның терең шахталарын жауып, көмірді Австралиядан тасымалдай бастады. Қаншама айқай-шу болды, жұмысшылар ереуілге шықты. Бірақ, ол осылай Англияныңи экономикасын гүлдендірді.

Міне, осы тұлғалар мен үшін үлгі болды. Мен олардың жұмысын бастан-аяқ зерттедім»,-деді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев.

0 пікір
Мұрағат