Елбасы лаңкестік әрекеттердің мемлекет үшін қауіпті екенін айтты
Елбасы лаңкестік әрекеттердің мемлекет үшін қауіпті екенін айтты
2 жыл бұрын 560

Қазақстан лаңкестікпен, экстремизммен күресте халықаралық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды күшейтуге дайын.

Бұл туралы Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесуде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

"Қазақстан өркениетаралық және дінаралық сұхбаттастықтың дамуына өз үлесін қосуда. Біздер бастамашы болған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі танымал халықаралық сұхбат алаңына айналды. Сіздердің елдеріңіздің делегаттарын ағымдағы жылдың маусымында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының V съезіне шақырамыз", - деді елбасы.

Сонымен қатар мемлекет басшысы лаңкестіктің бүгінде жаһандық проблемаға айналғаны әрі онымен барша әлем бірлесіп күресуі қажеттігі ешкімге күдік тудырмайтындығын баса айтты. "Қазақстан лаңкестік пен экстремизмнің кез келген көрінісін үзілді-кесілді айыптайды және бұл зұлымдыққа қарсы барлық елдердің жаһандық жұмыстарына қатысады. Біз мұндай қатермен күресте халықаралық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды күшейтуге дайынбыз", - деді президент. Сондай-ақ, терактілерді бейбітшілікке үндейтін исламға таңуға болмайтынын жеткізді. «Париждегі террористік шабуыл осы заманғы қоғамның халықаралық терроризмнің алдында қауқарсыз екенін көрсетіп берді. Бүгінгі таңда терроризм ғаламдық проблемаға айналды және онымен күллі әлем болып жұмылып күресуіміз керек», - деді елбасы.

0 пікір
Мұрағат